Әлем • 04 Қыркүйек, 2020

Қытайдың қантқа деген сұранысы артқан

154 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

БҰҰ Азық-түлік ұйымы Әлемдік азық-түлік бағасы үшінші ай қатарынан өсіп келе жатқанын, ал тамыз айына қарай соңғы жарты жылда (2020 жылдың ақпанынан бастап) ең жоғары деңгейге жеткенін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Қытайдың қантқа деген сұранысы артқан

Бір айда азық-түлік тауарларының бағасы 2019 жылдың тамызымен салыстырғанда 2,2 пайызға, ал өткен аймен салыстырғанда 2 пайызға өскен. 

Қант бір айда 6,7 пайызға және өткен жылмен салыстырғанда 6,4 пайызға қымбаттады. Бағаға Еуропа мен Таиландтағы қолайсыз ауа-райы да әсер еткен. Бұл өндіріс көлемінің төмендеуіне әкелді. Сонымен қатар, кейінгі кездері Қытай тарапынан қантқа деген сұраныстың артуы байқалды.

Сонымен қатар, құмай, арпа, күріш және жүгері бағасы да көтерілген. Ұйымның айтуынша, өткен айдан бастап өсімдік майының бағасы 5,9 пайызға өскенін де байқауға болады. 

Сүт өнімдері  2020 жылдың шүілдесімен салыстырғанда 1,7 пайызға қымбаттады. Дегенмен, ірімшік пен тұтас сүт ұнтағының бағасы өзгеріссіз қалған. Тіпті арзандаған деуге де болады. 
 
БҰҰ мәлімдеуінше, азық-түлік бағасы артқанымен, ет бағасы өткен жылдың тамызымен салыстырғанда 8,9 пайызға төмендеген.