Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі генерал-лейтенант Нұрлан Ермекбаев Құрлық Әскерлері әскери институтының басшылығы мен жеке құрамын 50 жылдық мерейтойымен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Сізді және сіз басқарып отырған ЖОО-ның профессор-оқытушылар құрамын, офицерлерін, курсанттары мен ардагерлерін 50 жылдық мерейтойымен құттықтаймын.
Осы жылдар ішінде әскери институт еліміздің мыңдаған адал ұлдарын тәрбиелеп, офицер кадрлар даярлау ұстаханасына айналды. Әскери институт түлектері интернационалдық борыштарын орындау кезінде, жергілікті соғыстар мен қарулы жанжалдарда, соңғы онжылдықтардағы бітімгершілік миссияларда ерлікпен және батырлықтың ерекше үлгісін көрсетіп, Қазақстан Қарулы Күштерінің құрылуы мен қалыптасуына қомақты үлестерін қосуда.
Институт түлектері еліміздің Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында ғана емес, сонымен қатар ТМД елдерінде де қызмет етіп, аға буынның даңқты жауынгерлік дәстүрлерін жалғастыра отырып, елдер арасындағы халықаралық әскери ынтымақтастықты нығайтуда және жетілдіруде.
Алдағы уақытта да Сіздердің Қарулы Күштердің дәстүрлеріне адал болып, еліміздің қорғаныс қабілетін дамыту ісіне елеулі үлес қосатындарыңызға сенім білдіремін.
Баршаңызға зор денсаулық, бақыт, бейбітшілік, бақ-береке және Отанымыз – Қазақстан Республикасының игілігі жолындағы істеріңізге табыс тілеймін", делінген хабарламада.
Көкшетауда жігіт сауда үйінің терезесінен құлап мерт болды
Аймақтар • Кеше
Киік мүйізінің 293 данасы тәркіленді
Оқиға • Кеше
Батыс Қазақстандағы Бөрлі ауылында карантин шаралары күшейтілді
Аймақтар • Кеше
Иманбек Зейкеновтің жаңа туындысы жарыққа шықты
Өнер • Кеше
Динара Сәдуақасова турнирге қатысудан не себепті бас тартқанын айтты
Қазақстан • Кеше
Елорда әкімі мердігерлерге ыңғайлы жол салуды тапсырды
Елорда • Кеше
Маңғыстауға «Sputnik V» вакцинасының кезекті партиясы жеткізілді
Аймақтар • Кеше
Мәдениет министрінің қатысуымен қызметкерлер 300 түп ағаш екті
Экология • Кеше
Алматыда түске дейін 55 тұрғынға вакцина егілді
Аймақтар • Кеше
Аграрлық мамандықтарға бөлінетін ауыл квотасы артты
Білім • Кеше
Санкт-Петербургте Жамбыл Жабаевқа арналған кітап көрмесі ашылды
Руханият • Кеше
Орталық мемлекеттік архивке жаңа басшы келді
Тағайындау • Кеше
ІІМ Риддердегі бала өліміне байланысты үндеу жасады
Аймақтар • Кеше
«Нұр-Сұлтан – Теміртау» тас жолын су шайып кетті
Аймақтар • Кеше
Шымкенттің төрінде «Егемен Қазақстан» көшесі ашылды
Аймақтар • Кеше
Татьяна Ахметова Олимпиада жолдамасын иеленді
Күрес • Кеше
Ұқсас жаңалықтар