Елорда • 04 Қыркүйек, 2020

Елордада жексенбі күні қоғамдық көлік қозғалысы тоқтатылады

1674 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл күні дезинфекция жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды Egemen.kz әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Елордада жексенбі күні қоғамдық көлік қозғалысы тоқтатылады

Жексенбі күні, 6 қыркүйекте қоғамдық көлік қозғалысы бір күнге тоқтатылады. Бұл күні автобустар мен автопарктерде дезинфекциялық жұмыстар жүргізіледі.

Сенбі күні қоғамдық көлік сағат 23:00-ге дейін жүреді.

Дүйсенбі күннен бастап, 7 қыркүйекте қалалық және қала маңына қатынайтын автобустар қалыпты жұмыс істейді.

Еске сала кетейік, қоғамдық көлікке маска тағып кіру керек. Жол ақысы тек электронды түрде төленеді.