Тағайындау • 04 Қыркүйек, 2020

Юрий Пя "University Medical Center" корпоративтік қорының басқарма төрағасы болып тағайындалды

356 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

"Назарбаев Университет" ДББҰ Басқарушы кеңесінің шешімімен Пя Юрий Владимирович "University Medical Center" корпоративтік қорының Басқарма төрағасы болып тағайындалды, -  деп хабарлайды Egemen.kz.

Юрий Пя "University Medical Center" корпоративтік қорының басқарма төрағасы болып тағайындалды

Бүкіл әлемге белгілі кардиохирург Юрий Пя еліміздің денсаулық сақтау жүйесіне елеулі үлес қосты. Ол кісінің жетекшілігімен бүгінгі таңда бірегей күрделі оталар жасалатын "Кардиохирургия ұлттық ғылыми орталығы" АҚ (бұдан әрі – Орталық) негізі қаланды. Орталық ашылғаннан кейін халықаралық ауқымдағы клиникаға айналып, әлемнің 22 үздік кардиохирургиялық орталығы қатарына енді. 2011 жылдан бастап Орталық дәрігерлері қосалқы қан айналымы құралғысын импланттау оталарын жасай бастады. 2012 жылы өңірде алғашқы болып Ю.В.Пя донор жүрегін транспланттау отасын, 2016 жылы трансплантологиядағы ең күрделі оталардың бірі саналатын өкпе трансплантациясын республикада тұңғыш рет жасады. 2017 жылы оның жетекшілігімен халықаралық деңгейде алғаш рет толықтай жасанды жүрек имплантталды. 2018 жылдың желтоқсан айында жүректің сол жақ қалқаншасының имплантталған құрылғысын толық алмастыру Орталықтың ең жоғарғы көрсеткіштерінің бірі болды. Сонымен қатар Орталық - жаңа туған сәбилерге жасалатын жоғары технологиялық көпсатылы кардиохирургиялық операциялардың кураторы.       

Н.И. Пирогов атындағы 2-ші Мәскеу мемлекеттік медициналық институтының түлегі Юрий Владимирович Пя түрлі жылдары Ресей, Қырғызстан, Түркия сияқты елдерде жұмыс істеді. 2003 жылы елге оралып, Қазақстанда кардиохирургиялық қызметті дамытуға кірісті. 2003-2010 жылдары Ұлттық ғылыми медициналық орталықта қызмет етіп, 2010 жылдан «Кардиохирургия ұлттық ғылыми орталығы» АҚ басқарды. Юрий Пя осы Орталықтағы қызметін хирургия және ғылым жөніндегі директоры ретінде жалғастыра беретінін айта кету керек.

Юрий Пя - "Қазақстанның Еңбек Ерi" мемлекеттік наградасының, "Құрмет" және "Парасат" ордендерінің иегері. Қазақстан патриоттарының V жалпыұлттық форумында "Жыл патриоты", "Жыл дәрігері 2012" аталымында "Алтын Адам" халықаралық жүлдесінің лауреаты атынды.    

"University Medical Center" корпоративтік қорын бұған дейін басқарып келген Жұмаділов Жақсыбай Шаймарданұлы "National Laboratory Astana" Бас директоры және Назарбаев Университетінің Медицина Мектебінің профессоры ретінде қызметін жалғастырады.    

"University Medical Center" корпоративтік қоры Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы, Балаларды оңалту ұлттық орталығы, Республикалық диагностикалық орталық, "University Medical Center" корпоративтік қорының Қызылорда филиалы сияқты еліміздің жетекші медициналық орталықтарын біріктіреді. Қор "Назарбаев Университет" ДББҰ Қамқоршылық кеңесінің 2015 жылғы 20 қыркүйектегі шешімімен "Ұлттық медициналық орталық" АҚ еншілес ұйымдары негізінде құрылды.