Басқарма басшысының ақпаратына сүйенсек, жаңа оқулықтарды мектептерге таратылып жатыр. Демек, атыраулық оқушылар оқулықтармен толық қамтылады.
"Биыл жаңа оқулықтар сатып алу үшін 19 баспамен 110 келісімшарт жасалған еді. Келісімшартқа сәйкес баспалардан 738 353 дана оқулық сатып алынды. Жаңа басталған оқу жылында атыраулық оқушылар кітаптан еш таршылық көрмейді", - деді басқарма басшысы Сатқан Есенғалиев.