"Атырау қалалық прокуратурасымен бірлескен тексеру кезінде еңбек заңнамасын бұзу, оның ішінде жалақыны уақтылы бермеу немесе кешіктіру фактілері анықталды. Мысалы, Еркінқала ауылдық округіндегі №37 "Болашақ" бөбекжай-бақшасының қызметкерлеріне мамыр айына 4 277 639,0 теңге, ал, "АтырауНефтеМаш" ЖШС-нің маусым айына 327 қызметкерге 56 114 706 теңге көлемінде еңбекақыны төлемегені анықталды. Аталған заң бұзушылықтар бойынша жауапты қызметкерлер ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 87-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ал, қызметкерлерге еңбекақы толығымен төленді", - деп хабарлады облыстық мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасынан.