Осындағы үйлердің кейбір шаруаларын жасауға, құрылыстарын тұрғызуға қолғабыс білдіріп, тамағын асырап жүрген 33 жасар Ақтөбе облысының тумасы иелері жоқтығын пайдаланып, өзі жұмыс істеп жатқан үйге кіріп 330 мың теңге мен зергерлік асыл заттарды ұрлаған. Шағымданушы кімге күдіктенетінін де полицияға хабарлаған.
Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде бірнеше сағаттан соң ұрлық жасаған күдікті Петропавл қаласының аумағында ұсталды. Ол соңғы бір жарым ай ішінде үй иелеріне түрлі үй шаруасын атқаруға көмектесіп жүрген екен. Үй иелерінің жол жүріп кеткендігін пайдаланып, үйге түсіп, ұрлық жасағанын ол мойындады.
Қызылжар ауданы ПБ бастығы, полиция полковнигі Әлихан Байқадамов қазір қылмысты іс жүргізілуде екенін айтты.
Солтүстік Қазақстан облысы