Аймақтар • 06 Қыркүйек, 2020

Жерлесіміз жеңісімен желпінтті

196 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

"Тур де Франс" көпкүндік веложарысының алтыншы кезеңін солтүстікқазақстандық Алексей Луценко 3 қыркүйек күні жеңіп алып, елімізге олжа салды. Барлық жерлестері, Қазақстандағы велоспорттың жанкүйерлері, соның ішінде облыс әкімі Қ.Ақсақалов А.Луценконы құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жерлесіміз жеңісімен желпінтті

Алексей Луценко Олимпиада чемпионы Виктор Винокуров ұшқан Қызылжар ауданынан шыққан. "Мектеп" деген жалған сөз емес қой, ол осында жүріп велоспорттың қыр-сырын әбден меңгерген. Жетінші сыныпқа жеткенде облыстық спортқа дарынды балалар мектебіне алынып, Қазақстан Республикаксының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Виктор Потаповтың шәкірті болады.

Жуырда ғана 28 жасқа толатын ол 23 жасқа дейінгілер арасындағы топтық жарыстың жеңімпазы болған соң жерлесіміз Виктор Ввинокуров бас менеджері болып табылатын Аstana Pro Team велокомандасна мүше болып қабылданған. Содан бері ол бірнеше рет Азия Жазғы ойындарының чемпионы болған. 2017 жылы Гранд Туре - Вуэльте Испания веложарысының 5-ші кезеңінің және сол жылы Алматы Турының төртінші рет жеңімпазы болған еді. Ал былтырғы ақпанда Түркия Туры веложарысының үш кезеңін ұтып алған.

Енді міне, жерлесіміз жанкүйерлеріне тағы бір қуаныш сыйлап отыр. Әрине, ендігі меже Токио Олимпиадасы екені сөзсіз.

Солтүстік Қазақстан облысы