13 Сәуір, 2010

СТУДЕНТТЕР ДӘН РИЗА

538 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Тәуелсіз мемлекетіміз үшін жастар мәселесі қашан да ма­ңыз­ды. Ел мен жердің ертеңгі иесі жас мамандар мен ауыл жастарына жан-жақты әлеуметтік жағдай ту­ғызу күн тәртібінен түсіп көрген емес. Ауылға жас мамандардың көп­теп баруын, ауыл жастарын тұ­рақтандырудың шараларын алуды Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ұдайы назарда ұстап келеді. Мем­лекет басшысы өзінің “Жаңа он­жылдық – жаңа экономикалық өр­леу – Қазақстанның жаңа мүм­кіндіктері” атты биылғы Жол­дау­ында  “Республикалық бюджетте зейнетақыларды үстіміздегі жылғы 1 қаңтардан бастап,ал шәкіртақы мен бюджеттегілердің еңбекақы­ла­рын 1 шілдеден бастап 25 пайызға өсіру қарастырылған. Өткен жыл­ғы экономика өсімінің оң серпіні шәкіртақылар мен бюджеттегілер еңбекақыларын үш ай бұрын – 2010 жылдың сәуірінен бастап өсіруге мүмкіндік береді деп есеп­тей­мін. Үкіметке осы қажетті ша­ра­ларды қабылдауды тап­сыра­мын”, деген сөздері  іс жү­зіне асып отыр. Елбасы Жолдауын қол­дап, оны халыққа жеткізуге атса­лы­сып келе жатқан Ақтөбе мем­лекеттік педагогикалық инсти­тутының профессор-оқытушылар құрамы мен студенттер қауымы осыған байланысты жиын өткізіп, Нұрсұлтан Әбішұлының халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған сарабдал саясатының қайтарым­ды­лығын әңгіме өзегіне айналдырды. Осы жиында сөз алған инсти­туттың шетел тілдері факультетінің студенттері Мәншүк Молдажанова мен Мәншүк Дүмбаева Елбасы­ның жастарға жасап отырған әкелік қамқорлығына ризашылы­ғын білдіріп, алдағы уақытта са­бақты жақсы оқумен қатар, қо­ғамдық жұмыстарға белсене қатысатын­дықтарына, Жолдауда атап көр­сетілген міндеттерді жү­зеге асыруға өз білімдері мен қа­білеттерін жұмсайтындықтарына сендірді. Ал төртінші курс студенті Әйгерім Қалниязова институт тү­лектерін  “Дипломмен ауылға” бағдарла­ма­сын қолдауға шақырды. Осы жоғары оқу орнының студент жастары  үндеу қабылдап, онда Ел­басының жаңа, қуатты Қазақ­станды құру жолындағы саясатын қолдайтындықтарын жеткізді, шә­кіртақыны, бюджеттегілердің ең­бекақыларын 25 пайызға өсіргені үшін алғыс сезімдерін білдірді. Сатыбалды СӘУІРБАЙ, Ақтөбе облысы.