Экология • 07 Қыркүйек, 2020

Қазақстанда қайтадан күн жылынады

1456 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазгидромет орталығы 8-10 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанда қайтадан күн жылынады

Мамандардың айтуынша, аптаның басында республиканың басым бөлігінде күн жылынады. Бұл ретте ауа райы жауын-шашынсыз болатыны да баса айтылған. Алайда орталық және Шығыс Қазақстанның жекелеген аудандарында түнгі және таңғы уақытта үсік байқалады. Күздің алғашқы айында түнде салқын, ал күндіз жылы ауа райы күтіледі.

Бұған дейін "Қазгидромет" Қазақстанда қыркүйек айында ауа райы туралы хабарлаған еді. Атап айтқанда, бір айда орташа ауа температурасы республиканың басым бөлігінде нормадан бір градусқа жоғары, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Қостанай, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Алматы облыстарының басым бөлігінде нормаға жуық болады деп хабарланған.