Қоғам • 07 Қыркүйек, 2020

Нұр-Сұлтан қаласының діни бірлестіктері Президент Жолдауын талқылады

263 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Дін істері басқармасының бастамасымен елорданың діни бірлестіктерінің басшылары мен өкілдері Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын талқылады, - деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтан қаласының діни бірлестіктері Президент Жолдауын талқылады

Діни бірлестік басшылары Жолдауға қатысты ойларын білдіріп, оны жүзеге асырудың жолдары мен мүмкіндіктері туралы ұсыныстарымен бөлісті.

Сонымен қатар кездесуде Нұр-Сұлтан қаласының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Айгүл Шағалтаева қатысушыларға карантин шаралары аясындағы діни бірлестіктердің қызметі және діни ғимараттардағы келушілермен өтетін бұқаралық діни шаралардың ережелерін түсіндірді.

Бүгінде Нұр-Сұлтан қаласында 54 діни бірлестік, 30 діни ғимарат жұмыс істейді.