Соған байланысты Алматы облысында әлеуметтік әлжуаз отбасыларының балаларына қашықтан оқуға жағдай жасау мақсатында 5 мыңнан астам компьютер сатып алынды.
Облыстық білім басқармасының мәліметінше, техникалық құралдардың алғашқы легі Талдықорған қаласына жеткізілген. Ол Ақсу, Қаратал аудандары мен Талдықорған қаласына берілді. Компьютерлерді кезең-кезеңімен жеткізу жұмыстары жалғасуда. Қажетті техника барлық аудан мен қалаға берілетін болады.
Жуық арада оған қоса 7508 планшет жеткізіледі. Жалпы компьютер, ноутбук және планшет сатып алуға республикалық бюджеттен 8,6 млн теңге бөлінген.