Білім • 07 Қыркүйек, 2020

"Астана" университетінде тағы да дау шықты

543 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Білім және ғылым министрлігі студенттердің шағымы бойынша "Астана" университетіне қатысты тексеруді бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.

"Астана" университетінде тағы да дау шықты

"Министрлікке тамыз айының соңында "Астана" университетінің студенттер тобынан ұжымдық шағым түсті. Олар мәлімдемеде өздерінің болашағына алаңдаушылық білдірген. Хатта университетте бірде-бір оқытушы жоқ екендігі, ал олар түлек болғандықтан, осыған байланысты дипломдық жұмыстармен айналыса алмайтындығы айтылған. Екіншіден, кейбір студенттер диплом ала алмай жүргеніне шағымданды. Сондай-ақ, студенттер оқу орнының басқа университетке ауысу үшін құжат бермейтінін де тілге тиек еткен. Осыған байланысты біз сараптамалық комиссия құрдық және мұнда жоспардан тыс тексерумен келдік. Көріп отырғаныңыздай, оқу орнының ректоры жоқ, бізге оның Алматыда біліктілікті арттыру курстарында екенін айтты. Мұнда проректорлар жоқ, кейбіреулері ауырып қалған, басқалардың қайда екені белгісіз", деп атап өтті ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті төрағасының орынбасары Ғалымжан Жұмашев тексеру барысында.

Оның айтуынша, оқу орнына тиісті тексеру жүргізіледі.

"Біз барлық құжаттарды тексереміз, егер заңбұзушылықтар анықталса, онда хаттама жасалады, біз ЖОО - ға айыппұл саламыз, сонымен қатар ол лицензиядан уақытша айырылады. Бұл бір айдан алты айға дейінуақытты алуы мүмкін. Егер заңбұзушылықтар жойылмаса, онда ЖОО қызметі тоқтатылады", деп түсіндірді Ғалымжан Жұмашев. ҚР БҒМ өкілі бұл университет жанжалдың ортасында бірінші рет емес екенін айтты. Өткен жылы да осындай жағдай болды