Қоғам • 07 Қыркүйек, 2020

Қазақстанның өнеркәсібі мен көлік инфрақұрылымын дамытуға баса назар аударылады - Р. Скляр

223 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Премьер-Министрдің орынбасары Роман Скляр Үкіметтің баспасөз орталығы алаңында өткен брифингте Мемлекет басшысының Жолдауында айтылған тапсырмаларды іске асыру жөніндегі шаралар туралы айтып берді, - деп хабарлайды Egemen.kz Премьер-Министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстанның өнеркәсібі мен көлік инфрақұрылымын дамытуға баса назар аударылады - Р. Скляр

Мемлекет басшысы өзінің "Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі" атты халыққа арнаған Жолдауында ел өнеркәсібін дамытуға және экономиканы нақты әртараптандыруға ерекше назар аударды.

Р. Скляр атап өткендей, индустрияландыру бағдарламалары аясында өңдеуші секторға баса назар аудару дұрыс шешім. Бұл қол жеткізілген көрсеткіштермен расталады.

"Әлемдегі және Қазақстандағы пандемиямен байланысты орын алған күрделі жағдайда да, 2020 жылдың 7 айында өнеркәсіп 3,8% өсті. Әсіресе, фармацевтика 23,2%, машина жасау 13,9%, жеңіл өнеркәсіп 7,3% өсті", - деді Р. Скляр. 

Мемлекет басшысы Жолдауда өңдеуші өнеркәсіптегі өндіріс көлемін бес жылда кемінде 1,5 есеге арттыруды тапсырды. Р. Склярдың айтуынша, аталған мақсатқа жету үшін  бәсекелік артықшылықтар мен сыртқы нарықтағы экспорттық мүмкіндіктердің біртіндеп артуымен, ішкі нарықта өңдеу өнеркәсібінің индустриялық әлеуетін дамыту бойынша шаралар қабылданады. 

Жыл соңына дейін қосылған құны неғұрлым жоғары өнім өндіру үшін металдар өндіру жөніндегі отандық кәсіпорындар мен оларды қайта өңдеушілердің өзара тиімді ынтымақтастық тетігі әзірленеді. Институционалдық негізді сақтай отырып, жүргізілген жұмыстарға жүйелік беру үшін "Өнеркәсіптік саясат туралы" заң жобасы бойынша жұмыстар қолға алынды. Қазіргі уақытта заң жобасы әзірленді және бизнес қауымдастықпен, салалық қауысдастықтармен және өнеркәсіптік кәсіпорындармен талқылануда.

Заң жобасында қолдау шаралары құралдарын кеңейту, мемлекеттен, квазимемлекеттік секторлардан және жер қойнауын пайдаланушылардан кепілдендірілген сатып алуды жүзеге асыру шаралары ескерілген. Транзиттік тасымалдағы позицияларды сақтап қалу үшін қызмет көрсету, тасымалдаудың сапасы мен жылдамдығын арттыру бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Осы мақсатта Қазақстанның көлік инфрақұрылымын одан әрі дамыту жұмыстары жалғасады.

2020 жылы республикалық автомобиль жолдары желісінің 4 мың  шақырымында қозғалыс ашылады. Жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы автомобиль жолдарының үлесі 90% құрайды. 2025 жылға дейін республикалық автомобиль жолдарының барлық 100% (24 мың км) қалпына келтіріледі және реконструкцияланады, сондай-ақ сервистік инфрақұрылымды құру жұмыстары аяқталады.   

Күту кезегінде тұрған 100 мыңнан астам адамның тұрғын үй мәселелерін шешу үшін "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасында шамамен 90 млрд теңге сомасына жеке тұрғын үй қорындағы жалдау ақысын субсидиялау механизмі қарастырылады (жалдау ақысының 80% дейінгі мөлшерінде)  Азаматтар үшін өнімнің қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін "Отбасы" банкінің өкілеттіктері мен жауапкершілігі жалға алуға субсидия бөлу тұрғысынан кеңейтіледі.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық туралы қабылданған Заң аясында Қазақстанда меншік иелері бірлестіктері институты енгізілуде. Барлық қажетті нормативтік құқықтық актілер қабылданып, бекітілді.