Өткен демалыс күндері полицейлер мен әкімдік өкілдері қаланың ойын-сауық орындары, сауда орталықтары және басқа да ШОБ нысандары бойынша рейдтер жүргізді.
Кәсіпкерлер мен келушілер әлі де санитария нормаларын бұзуды жалғастырып жатыр.
Алматы ауданында 24 ШОБ субъектісі тексерілді, 20-ға жуық талап бұзғандар анықталды. Байқоңыр ауданында 29 субъект тексерілді, 26 санитария нормаларын бұзған дерек анықталды. Есіл ауданында 31 объект тексерілді, 26 дерек анықталды. Сарыарқа ауданында 30 объект тексеріліп, 12 дерек анықталды.
7 қыркүйектегі жағдай бойынша, Нұр-Сұлтан қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетіне аудандық полиция басқармаларынан карантинді бұзған адамдарға қатысты 963 материал келіп түскен. 427 жеке және заңды тұлғалар ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы бойынша (халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы бойынша талап бұзушылықтар) жалпы сомасы 95 715 990 теңге көлемінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды.