Футбол • 07 Қыркүйек, 2020

Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасында Беларусь ұжымынан ұтылып қалды

393 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Футболдан Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасы турнирінің екінші турында Беларусь құрамасына қарсы кездесу өткізіп, ұтылып қалды, деп хабарлайды Egemen.kz

Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасында Беларусь ұжымынан ұтылып қалды

Алматының Орталық стадионында өткен 1:2 есебімен тең аяқталды.

Екі құрама бірінші тайма гол соға алмады. Тіпті Қазақстан құрамасының футболшылары қарсылас қақпасына бірде-бір тура соққы жасамаған.

Екінші таймда қонақтар бірінші болып есепті ашты. Матчтың 53-минутында Максим Бордачев есепті ашты. Бірақ көп ұзамай Қазақстан құрамасы есепті теңестіріп үлгерді. 62-минутта "Қайраттың" шабуылшысы Абат Айымбетов есепті теңестірді. Бұл шабуылшының Ұлттық құрама сапындағы бірінші гол еді. Одан бөлек, 25 жастағы футболшы карьерасындағы 30 голын соқты.

Содан соң да Қазақстан құрамасы біршама шабуылдады. Бірақ қарсылас қақпасынан саңылау таба алмады. Ал кездесудің 86-минутында алаңға тыңнан шыққан Виталий Лисакович гол соғып, қонақтарды алға шығарды.

Бұл ойыннан кейін С дивизионының екінші тобында Қазақстан құрамасы үш ұпай жинап, турнир кестесінде үшінші орынға жайғасты. Ал Беларусь құрамасы екінші орында. Бұл құраманың еншісінде де үш ұпай бар. Бірақ Беларусь құрамасы сырт алаңда ұпай алғандықтан бізден жоғары тұр.