Елорда • 07 Қыркүйек, 2020

Нұр-Сұлтанда көпқабатты әкімшілік ғимаратынан өрт шықты

2651 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтанда көпқабатты әкімшілік ғимаратынан өрт шықты, деп хабарлайды Egemen.kz

Нұр-Сұлтанда көпқабатты әкімшілік ғимаратынан өрт шықты

7 қыркүйек күні сағат 20.25-те елордалық өрт сөндіру қызметінің "101" пультіне Ш.Айманов көшесі, 24 мекенжайында өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті.

Мәліметтер бойынша 5 қабатты өндірістік цех ғимаратының 3-қабатында ашық жану орын алып, одан кейін жоғары орналасқан қабаттарға таралған.

Ауданы 200 шаршы метр өрт сағат 21.14-те ауыздықталып, сағат 22.20-да жойылды.

Жалпы өртті сөндіруге Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД жеке құрамынан 41 адам және 10 бірлік техника жұмылдырылды.
Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Соңғы жаңалықтар