Нағашыбай Барлыбаевтың есімі солтүстікқазақстандықтарға жақсы таныс. Ол алымды азамат, ата-тегінен іскерлікке бейім жан. Сәбит Мұқановтың «Өмір мектебі» трилогиясының екінші томындағы «Миллионердің ауылында» деген тарау оның атасы Әлтиге арналған.

Әлти шын мәнінде қазақтан шыққан алғашқы миллионерлердің бірі. Ол дүние жиып, ақша қорлаған өз заманының озық ойлы тұлғасы. Қазіргі Ресейдің Қорған қаласында ашылған алғашқы акционерлік банктердің бірінің ірі акционері де болған екен. Қытайға, Хиуа мен Бұқараға, Ресейдің алыс-жақын қалаларына сауда керуендерін жүргізген алымды көпес. Ол тәркілеуге ілікпей, кеңестік тепкіні көрмей, өз дәуренінің соңғы алыптарының бірі болып өмірден өткен. Бірақ большевиктер қуғынын оның балалары көреді. Ол туралы әңгіме басқа.
Нағашыбай Сабырұлы әкелері ата қоныстан айырылып, қуғында жүріп қоныс қылған Ресейдің орманды түкпірлерінің бірінде өмірге келген. Атадан балаға жұққан ырыстың, еңбекқорлықтың арқасында Сабыр ақсақал барлық он бес баласын да аяқтандырып, бәріне де жоғары білім әперген.
Нағашыбай да Петропавлдың пединститутын география мамандығы бойынша бітіреді. Алайда бұл мамандық жермен байланысты болмағандықтан, сырттай оқып, ауыл шаруашылығы мамандығын игерген. Кеңес Одағының соңғы жылдарында ол да ағалары құсап кеңшардың директоры болды. Өзінің алдындағы төрт ағасы: Нұрмағамбет, Аймағамбет, Есмағамбет, Баймағамбеттер де директор болып, «Бір отбасынан шыққан бес директор» деп кезінде «Егеменге» жазған болатынбыз.
Қазір Нағашыбай Барлыбаев «Арқалық» шаруа қожалығын басқарып, шаруасын дөңгелетіп, барлығы 550 тұяқ жылқы өсіріп отыр. Соның ішіндегі 90 биені сауғызып, тәулігіне 600 литрдей қымыз сатады. Қазақтың барлық әдіс-тәсілін сақтаған қымызы қандай! Бетіне сарымайы шығатын қымызы балдай. Саумал құйғаннан кейін барлық күбілер механикалық құралдармен пісіледі. Оның бәрі тек қайыңнан жасалған.
Тоқсан биені сауатын биешілер саны төрт-ақ адам. Биелер сауатын аранға жем иіскейтін болған соң есік ашылғанда өздігінен кіріп, тұра қалады. Кілең сүтті, жалпақ сауырлы, желіндері толып тұратын мама биелер бар.
«Биыл қымызға деген сұраныс жаман індетке байланысты артып кетті. Сондықтан сауылатын бие санын да көбейттік. Халыққа пайдамыз тиіп, ел ризашылығын алып жатқаннан артық не бар?» дейді Нәкең.
Карантиннің қатаң кезінде қымызды ашық сатуға да мүмкіндік болмады. Алайда оның да жолын тапқан. Қызылжарда «Номад» атты мейрамханасы бар еді, қымызды таңертең сонда жеткізеді. Ал алам деушілер оған уақытпен жазылып, келіп алып тұрады. Бірінен бірі естіген халық «Номадта» қымыз сатылатынын біліп те алған, жазылған уақытынан қалмай, жалғыз-ақ сатушыға жетіп келеді. Литрі 800 теңге тұратын қымызды халық кезегімен келіп, тік көтеріп сатып алады.
Нағашыбай Барлыбаев биылғы қатерге қарсы тағы бір ерлік көрсетті. Ол жиені, Ресейден көшіп келген кәсіпкер Сермағамбет Оралұлы және облыстың бас имамы, «Зекет» қорының төрағасы Кенжетай қажы Байкемелұлы үшеуі бірлесіп, 38 млн теңгеден артық қаражат жинап, өкпеге дем беретін 61 аппарат, 100-ден артық пульсосиметр сыйлады. Ал бұл сырқат жандарға ауадай қажет болған еді. Сол арқылы қаншама жандар ажалдан қалып, жігіттер сауабын алды.
Осы жолдардың авторы Нағашыбай Барлыбаевтың кәсіпкер әріптестерімен сөйлесіп, қорға ақша аударудың қажеттігін қалай айтқанын естіп отырды. «Мың сіз-бізден бір шыж-быж артық» дегендей, ол өзінің әріптестеріне барынша батым әрі ашық айтып жатты. «Сен байлықты осындағы халықтың есебінен тауып отыр емессің бе? Ал енді сол халық қырылып жатқанда қолұшын созбайсың ба?», деп түйеден түскендей турасынан тоқ еткізеді. Ана жақтағылар да шыж-быж болып, қордың есепшотын жіберуді бірден сұрап жатты. Оның ішінде қазақ та, орыс та, татар да, неміс те болған еді...
Сөйтіп, «көп түкірсе көл» дегендей, қаншама қаражат жиналып, халықтың игілігіне жарады.
Міне, Нағашыбай Барлыбаев деген азамат осындай. Оның бойынан тектілік те, іскерлік те, сергектік те есіп тұрады.
Солтүстік Қазақстан облысы
Футбол • Бүгін, 00:00
Руханият • Кеше
Қазақстан • Кеше
Табиғат тағылық жасағанды кешірмейді
Аймақтар • Кеше
Сайлау Батырша-ұлы: Қазақтың көші тоқтамауы тиіс
Тарих • Кеше
Есірткі: Интернеттегі сауда ерік бермей барады
Қоғам • Кеше
Ұлттық құндылықтарды ұлықтаған
Аймақтар • Кеше
БЖЗҚ: Ақпараттық текетіресте кімнің ұпайы түгел?
Экономика • Кеше
Бензин бағасы кетті шарықтап...
Қазақстан • Кеше
Балаларға жанашырлық – бәрімізге ортақ міндет
Қоғам • Кеше
Бақылаудағы тарих: Біз одан арыла алдық па?
Тарих • Кеше
Руханият • Кеше
Азия чемпионатында алты жүлде бұйырды
Спорт • Кеше
Шығыс Қазақстанда карантин 3 мамырға дейін ұзартылды
Аймақтар • Кеше
Нұр-Сұлтанда ауыз бекіткендерге ыстық тамақ таратылды
Елорда • Кеше
Парламент депутаттары ТМД ПА кеңесінің отырысына қатысты
Парламент • Кеше
Елбасы Лукашенкомен телефон арқылы сөйлесті
Елбасы • Кеше
Азия чемпионаты: Ертең кімдер күреседі?
Спорт • Кеше
Елбасы Асқар Мамин мен Әлихан Смайыловты қабылдады
Елбасы • Кеше
Елмира Сыздықова Азия чемпионы атанды
Спорт • Кеше
Қазақстан халқының саны 18 917,2 мың адамды құрады
Қоғам • Кеше
Мемлекет басшысына екі өңірдің әкімі есеп берді
Үкімет • Кеше
Валентина Исламова Азия чемпионатында алтыннан алқа тағынды
Аймақтар • Кеше
Өткен жылы 1600 отбасы солтүстікке қоныс аударды
Қазақстан • Кеше
Абақтыдағылар да коронавирусқа қарсы екпе алды
Аймақтар • Кеше
Халықты жұмыспен қамту қарқыны қандай?
Қоғам • Кеше
Жамбылдың домбырасы жауға шапқан
Өнер • Кеше
Карантин режимін сақтамау өлім санын арттыруы мүмкін – дәрігерлер
Коронавирус • Кеше
Зейнеткерді қатыгездікпен өлтірген жігіт сотталды
Қоғам • Кеше
Елтаңба мен прокуратура тақтайшасы қоқыс арасында жатыр
Қазақстан • Кеше
Қарасу ауданында 39 үйді су басты
Аймақтар • Кеше
Алматы облысында орман алқаптары өртенді
Экология • Кеше
Бүгін – экологиялық білім күні
Экология • Кеше
Такси жүргізушісінен тапанша тәркіленді
Оқиға • Кеше
Нұр-Сұлтанда еңбек ұжымдарын жаппай вакциналау жүріп жатыр
Коронавирус • Кеше
Алакөлдің жағалауында құрылыс жұмыстары жүргізіледі
Экономика • Кеше
ТЖМ: Елді мекендерді су басу қаупі азайды
Қазақстан • Кеше
Елордада тағы төрт мекеме жауапқа тартылды
Қоғам • Кеше
Алматы хайуанаттар бағында екі қонжық дүниеге келді
Аймақтар • Кеше
Есіл аңғарынан асып, қауіп төндіруде
Аймақтар • Кеше
Пандемия кезінде қанша қазақстандық шетелге көшті
Коронавирус • Кеше
Алматыда есірткі сатпақ болған екі азамат ұсталды
Қоғам • Кеше
Қарттар үйінің бухгалтері 10 млн теңге жымқырған
Аймақтар • Кеше
Павлодар облысында да балықтар қырылып қалды
Экология • Кеше
Руханият • Кеше
Павлодар облысында әйелдер монастырынан өрт шықты
Видео • Кеше
Қызылорда облысында 524 маман індетке қарсы екпе салдырды
Аймақтар • Кеше
Бензин жоқ: Оралда жанармай құю бекеттері жабылып жатыр
Аймақтар • Кеше
Ұқсас жаңалықтар