Футбол • 08 Қыркүйек, 2020

Беларусь алынбас қамалға айналды

208 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан құрамасының футболшылары кеше кешкісін Ұлттар лигасы аясында екінші ойынын Беларусь құрамасына қарсы өткізді. Алматыда өткен матч 2:1 есебімен Беларусь фут­болшыларының пайдасына шешіл-
ді.

Беларусь алынбас қамалға айналды

Ойынның 53-минутында Максим Бордачев әріптесі Игорь Стасевичтің айып алаңына асырған добын ұтымды пайдаланып, есеп ашты. Қазақстан құрамасы көп ұзамай таразы басын теңестірді. Ян Вороговскийдің шірене тартқан добын қақпашы Александр Гутор уысынан шығарып алған еді. Өзгелерден оқ бойы озық шыққан Абат Айымбетов қақпашының қателігін сәтті пайдаланды – 1:1.

Егер сол қапталдағы қорғаушымыз Ғафур­жан Сүйімбаев өрескел қателік жібермегенде ойын тең аяқталар ма еді, кім білсін. Сүйімбаев 86-минутта Беларусь футболшыларына «сый­лық» жасады. Айып добын қосу кезінде қате­лескен Сүйімбаевтың «сыйын» Виталий Лиса­кович голға айналдырып, есепті 2:1-ге жеткізді.

Қазақстан үшін Беларусь құрамасы алынбас қамалға айналды. Бұған дейін екі құрама үш рет жасыл алаңға шығып, Беларусь аяқдопшылары екеуінде жеңіске жеткен (4:0, 5:1). Тек бір ойында жеңімпаз анықталмады (1:1).