Оқиға • 08 Қыркүйек, 2020

Жанашыр жандар көмекке келді

252 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Жуырда Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар ауданында «Skoda Superb» автомобилі түнгі мезгілде келе жатып, кенеттен жолда пайда болған елікпен соғысқаны туралы барлық әлеуметтік желілерде жарияланды. «Егеменнің» порталында да ол туралы жазылды.

Жанашыр жандар көмекке келді

Жол-көлік оқиғасы шамамен сағат түнгі он екі­ден өт­кенде Бескөл ауылы маңын­да Нұр-Сұлтан – Петро­павл ав­то­жолының 466 шақы­ры­мында орын ал­­­ған. 40 жастағы жүргізушінің өмірін тек қа­уіпсіздік жастығы сақтап қалған. Ал жарыққа көзі қарығып, қаша алмай қал­­ған елік сол жерде өлді. Жүргізушінің жол-көлік оқи­­ға­­сынан қатты шошынғаны сөзсіз. Ол көп уақыт тілге келмей, отырып қал­­ған екен. Көлігі де зақым­дан­ған.

Осы жол-көлік оқиғасы туралы көптеген адам оқыпты. Солардың арасынан бір азамат Солтүстік Қазақстан облысы  Полиция департаментінің баспасөз қызметіне хабарласып, зардап шегушінің байланыс телефонының нөмірін сұрайды. Мұндай ақпарат құпия болып саналатындықтан баспасөз қызметі бере қоймайды, бірақ қоңырау шалушының ниетін білгеннен кейін көлік жүргізушісінің телефон нөмірі беріледі. Қоңырау шалушы азамат Skoda Club Astana клубының мүшесі, Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны Дархан Қалыбай деген азамат екен. Ол өздерінің клуб мүшелерімен ақылдасып, Солтүстік Қазақстанда зардап шеккен жүргізушіге мате­риа­л­дық көмек көрсету туралы ше­шім қабылдағандарын жеткізеді.

Мұндай адамгершілік қа­дам естіген жанның бәрінің жүрегіне жылу ұялатты. «Жүр­гі­зушілердің бірлесіп, мүлде танымайтын адамға көмек көрсетуге ниеттенуі жиі кез­де­сетін жағдай емес. Соңғы кезде орын алған жағ­дайлар құндылықтарға жаңаша қарап, ешқандай мақсат­сыз көмек көрсету мен қолдауды алға шығаруға әсер етті деп ойлаймын. Бұл өте тамаша бастама...», дейді об­­лыс­тық Полиция департаменті Жер­гі­лікті полиция қызметі басқармасы басты­ғының орынбасары, полиция подпол­ков­нигі Григорий Тыш.

Автоклуб мүшелері өздерінің жина­ған көмек қаражаттарын жүргізушінің кар­тасына аударған екен. Оның өзі де Петропавл қаласына жұмыстарымен келген Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны болып шықты. Бейтаныс адам­дардың қолдауы ол үшін тосын сый болды. Сон­дықтан оның пәс тартқан көңілі серпіліп қалды.

Астаналық жігіттер бұл көмек­терімен ғана шектелмей, елордадағы «Pro­Vag» техни­калық қызмет көрсету орта­лы­­ғымен көліктің қозғалатын және тех­никалық бөлігін жөндеу жасағанда ақыны жеңілдетілген тарифпен алуға келісіпті. Мұн­дай жағдай зардап шегуші аза­маттың қуанышын еселей түсті. Қоға­мымызда осындай ақ жүректі, абзал жан­дардың болғаны, біздіңше барлық қазақ­стандықтарды да қуантуға тиіс.

 

Солтүстік Қазақстан облысы