Швейцарияға белгілі бір елдерден және "жұқтыру қаупі жоғары" аймақтардан келген адамдар карантинге жатқызылуы керек. Бұл елдердің тізімі 7 қыркүйектен бастап қайта жаңартылды.
Қазақстаннан басқа, тізімнен Қырғызстан, сондай-ақ Бельгия, Сальвадор, Эсватини (Свазиленд), Люксембург, Мексика және Оман елдері де шығарылды.
Айта кетейік, Швейцария адам қай елден ұшып келгенін ғана емес, соңғы 14 күн ішінде қай мемлекеттерде болғанын да ескеріп, шара қабылдайды.