Қазақстан • 08 Қыркүйек, 2020

ШҚО мен "Қорғаста" зертханалар ашылады

214 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мен ҚХР Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданының кеден басқармасы екі мемлекеттің шекаралық кеден органдары басшыларының жыл сайынғы отырысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz

ШҚО мен "Қорғаста" зертханалар ашылады

Жиын барысында ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдері қазақстандық ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді ведомстваның кепілдігімен Қытайға экспорттауға құқығы бар "кәсіпорындар" тізіміне енгізу мәселесін талқылады.

Сонымен қатар, Шығыс Қазақстан облысында ҚХР Бас кеден басқармасының талаптары бойынша аккредиттелген ауыл шаруашылығы өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау жөніндегі зертхананы ашу, сондай-ақ "Қорғас" шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы (ШЫХО) аумағында Қытай елі аттестаттаған зертханасы бар ветеринариялық және фитосанитариялық бекеттерді құру туралы ұсыныстар қаралды.

Мұндай нысандардың жұмысы қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімдерінің шекаралық бақылау арқылы өтуін жеңілдетуге және жеделдетуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, Ауыл шаруашылығы министрлігі салқындатылған етке, субөнімдерге және ҚР-дан ҚХР-ға экспортталатын ауыл шаруашылығы өнімдерінің басқа түрлеріне қойылатын ветеринариялық-санитариялық талаптарды қарау және келісу рәсімдерін жеделдетуді ұсынды.

ҚХР Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданының кеден басқармасы өз кезегінде Қазақстаннан келетін жылқылардың ауруларын анықтайтын зертханалық диагностикалау жүйесі бойынша ынтымақтастықты дамытуды ұсынды.