Аймақтар • 08 Қыркүйек, 2020

Алматылықтар коммуналдық қызметке екі млрд теңге қарыз

149 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы тұрғындары коммуналдық қызметке екі млрд теңге қарыз, деп хабарлайды Egemen.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

Алматылықтар коммуналдық қызметке екі млрд теңге қарыз

"Коммуналдық қызметтерге қарыз болып қалғандардан берешекті өндіріп алу бойынша жұмыстар үздіксіз жүргізіледі. Байланыс орталығының мамандары қарызы бар тұрғындарға үнемі қоңырау шалып, берешегі бар екенін естеріне салып, ескерту қағаздарын жібереді", деп хабарлады Алматы қаласының Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасы.

Бірінші қыркүйектегі жағдай бойынша, Алматы қаласындағы коммуналдық қызметтер үшін қарызы 4,5 млрд теңгені құрайды. Оның ішінде тұрғындар - 2 млрд теңге, заңды тұлғалар - 2,5 млрд теңге қарыз.