Тағайындау • 08 Қыркүйек, 2020

Жамбыл облысының Денсаулық сақтау басқармасына жаңа басшы тағайындалды

32 рет көрсетілді

Жамбыл облысы әкімінің өкімімен Әсет Қалиев Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz  ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.



Қалиев Әсет Әскербекұлы 1974 жылы туған, білімі жоғары. 1997 жылы Ақтөбе мемлекеттік медицина академиясын "дәрігер-хирург" мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1997 жылы Ақтөбе мемлекеттік медицина академиясының госпитальдық хирургия кафедрасының клиникалық ординаторы ретінде бастаған. Әр жылдары Ақтөбе мемлекеттік медицина академиясының аспиранты және Ақтөбе қаласы жедел жәрдем ауруханасының хирург дәрігері, бөлім меңгерушісі, М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетінің хирургия кафедрасының ассистенті болып еңбек еткен.

2008-2014 жылдары Ақтөбе облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының бас маманы (бас хирургы), бөлім басшысы, басқарма басшысының орынбасары қызметтерін атқарған.

2014 жылы Ақтөбе облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының басшысы болып тағайындалған. 2020 жылғы шілдеден бастап Жамбыл облысы әкімінің денсаулық сақтау мәселелері бойынша кеңесшісі лауазымында қызмет атқарып келді. Медицина ғылымдарының докторы.

 

Соңғы жаңалықтар

Халықаралық семинар-кеңес өтті

Қазақстан • Бүгін, 22:05

Қазақстанда доллар арзандады

Экономика • Бүгін, 11:21

Ұқсас жаңалықтар