Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Н. Назарбаевтың бірінші резиденциясы ғимаратында орналасқан Елбасы кітапханасы осы жылдың 3 қыркүйегінен бастап келушілерге есігін қайта ашты. Тегін экскурсиялық және тақырыптық экскурсиялар он адамнан аспайтын топтарға алдын ала жазылу арқылы қол жетімді.
Елбасы кітапханасының директоры, саяси ғылымдарының докторы, профессор Әмірхан Рахымжанов атап өткендей, карантин кезінде кітапхана қалыптасқан жағдайдың талаптарын қанағаттандыра отырып, жұмыстың және көпшілікпен байланыстың жаңа форматына көшті. Пандемия басталмас бұрын жоспарланған көптеген іс-шаралар виртуалды көрмелер мен экскурсияларға айналды.
"Елбасы кітапханасының ғимараты жабық болғанымен, ол өз жұмысын тоқтатқан жоқ. Барлық іс-шаралар виртуалды кеңістікке көшті. Біздің арнайы жобамыз – Назарбаев орталығы мен Елбасы кітапханасы мұражайының көрме залдарына бейнетурлар. Біз мерекелер мен есте қаларлық даталарға арналған бейнетурлар, сонымен қатар сауалнамалық және тақырыптық экскурсиялар дайындадық: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне, Халықаралық мұражайлар күніне, Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы күніне, Қазақстандағы Президенттік институттың 30 жылдығына және басқаларға арналған. Олардың барлығы қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде өтеді", - деп Ә. Рахымжанов барлық бейнетурлардың Елбасы кітапханасы ресми сайтының "Бейне галереясында" орналастырылғанын атап өтті.
Бейнекөрмелер - карантин кезеңінде белсенді дамыған Елбасы кітапханасының кең қорын танытудың тағы бір түрі болып табылады. Көрмелер әртүрлі форматта өткізіледі: тақырыптық экспозициялардың бейнетурлары; бейнероликтер; көрменің әр фрагментін егжей-тегжейлі зерттеуге болатын презентация түріндегі дәстүрлі электронды формат; алғаш рет "бір жәдігер" көрмесі ұсынылды.