Спорт • 09 Қыркүйек, 2020

Юлия Путинцева ширек финалда сүрінді

163 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Нью-Йоркте өтіп жатқан жүлде қоры 53 400 000 миллион долларды құрайтын АҚШ-тың ашық біріншілігінің ширек финалында сүрінді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Юлия Путинцева ширек финалда сүрінді

Егер Путинцева осы межеден сүрінбей өткенде "Үлкен дулыға" санатындағы жарыстардың жекелеген сайысында жартылай финалға дейін жеткен Қазақстанның тұңғыш теннисшісі ретінде өз есімін тарихта қалдыратын еді. Бірақ бұл жолы ондай бақ оған бұйырмады. Жерлесіміз Дженнифер Брэйдиге есе жіберді.

Негізі АҚШ-тың өкілі де "анау айтқандай" алынбайтын асу емес еді. 25 жастағы Пенсильвания штатының тумасы бұған дейін осындай орасан зор табысқа қол жеткізген емес. WTA турнирлерінде небары бір мәрте ғана топ жарғаны есімізде. Бүгінгі таңда Брэйди әлемдік рейтингте 41-орынға жайғасты. Ал Юлия одан алты саты жоғары тұр. Соған қарамастан бұл бәсекеде америкалық ойыншының асығы алшысынан түсті. 1 сағат 11 минутке созылған сайыс 3:6, 2:6 есебімен аяқталды.

Жартылай финалда Дженнифер Брэйди өзінің отандасы Шелби Роджерс пен жапониялық Наоми Осака арасындағы кездесудің жеңімпазымен шеберлік байқасады.