Технология • 09 Қыркүйек, 2020

Fly Arystan бортындағы ақаудың себебі анықталды

43 рет көрсетілді

Fly Arystan әуе кемесіндегі ақау дер кезінде шешімін тапты, деп хабарлайды Egemen.kz

7 қыркүйек күні Fly Arystan әуе компаниясының Атырау – Алматы бағыты бойынша ұшу кезеңінде "авиациялық әуе клапаны істен шықты" деген дабыл қосылды. Экипаж мүшелері тиісті шараларды жасағанымен, ұшудағы ақауды қалпына келтіре алмаған. 

Осыған байланысты ұшу әуежайына оралу туралы шешім қабылданып, ұшақ штаттық режімде қондырылды. Инженерлік-техникалық құрам деактивациялау әрекеттерін орындаған соң, әуе кемесі Алматы қаласына қайта ұшты.

Аталған оқиғаға байланысты авиация қызметінің өкілдері "бұл жағдай авиациялық инциденттер тізбесіне жатпайды (авиациялық оқиғаларды тексеру қағидаларының 25 және 26-қосымшалары)", деп пікір білдірді.

Соңғы жаңалықтар

Қарасу ауданында 39 үйді су басты

Аймақтар • Бүгін, 17:12

Бүгін – экологиялық білім күні

Экология • Бүгін, 15:59

Түркістанға 3000 жыл

Руханият • Бүгін, 12:10

2002 адам коронавирустан емделіп шықты

Коронавирус • Бүгін, 09:32

Ұқсас жаңалықтар