Белгілі болғандай, ел бойынша шілде айында елдегі абаттандырылған тұрғын үйді жалға берудің орташа бағасы бір шаршы метрге 1,6 мың теңгені құрады. Бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда 9,5 пайызға артық. Маусым айымен салыстырғанда абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу құны 0,4 пайызға өскен.
Абаттандырылмаған тұрғын үйді жалға алудың орташа құны бір шаршы метрге 832 теңгені құрады, бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда төрт пайызға қымбат. Ағымдағы жылдың маусымымен салыстырғанда жалдау құны өзгеріссіз қалды.
Еліміздің ірі қалалары арасында абаттандырылған тұрғын үйді жалға алудың ең жоғары орташа бағасы Нұр-Сұлтанда тіркелген: бір шаршы метрге 3,1 мың теңге. Бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда 10,3 пайызға көп.
Айта кетейік, еліміз бойынша пәтер құны қымбат ірі қалалардың үштігіне Алматы мен Ақтау да кіреді.
.