Әлем • 09 Қыркүйек, 2020

Маска тақпағандар табытқа салынады

310 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Индонезияда бетперде тәртібін бұзушылар табытқа салынады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Маска тақпағандар табытқа салынады

Шығыс Ява провинциясындағы Проболинго қаласындағы тексеру кезінде жергілікті базардағы 50 саудагердің бетперде кимегені анықталған.  Жаза ретінде олар Сovid-19-дан қайтыс болғандардың денелерін тасымалдауға арналған табытқа салып, көшеде катафалкамен алып жүріпті. 

Жергілікті билік кейбір тәртіп бұзушыларға жаза ретінде үш ай бойы базарды жинап, кәріз құбырларын тазалауға бұйырған.

Джакартада да тәртіп бұзушылар бутафор табыттарына жатқызылып, адам көп жүретін жерлерге оналастырған. Тұрғындарға табытпен суретке түсіп, оны әлеуметтік желіге жүктеуге де рұқсат етіліпті. 

Билік бұл әрекеттің заңсыз екенін жоққа шығармайды. Десе де осы арқылы елде тәртіп орнатқысы келеді.