Қоғам • 09 Қыркүйек, 2020

Алматыда "Еңбек" бағдарламасына 32 мыңнан астам адам қатысты

17 рет көрсетілді

Ағымдағы жылдың 8 айында Алматы қаласында 32,8 мыңнан астам адам Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасының қатысушылары болды. Бұл туралы Еңбек министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды, - деп жазады Egemen.kz

Бағдарлама бірнеше бағыт бойынша іске асырылады: қысқа мерзімді оқыту курстарын өткізу; гранттар мен микрокредиттер бөлу арқылы жаппай кәсіпкерлікті дамыту; мемлекет субсидиялайтын жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру; жұмыс күші мол өңірлерден жұмыс күші тапшы өңірлерге азаматтарды көшіру арқылы еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру, оларға мемлекеттік қолдау көрсету.

Алматы қаласы Халықты жұмыспен қамту орталығының ақпаратында Бағдарламаны іске асыру шеңберінде еліміздің ірі қаласында уақытша жұмыс орындарына 15 560 адам, оның ішінде 1116 адам – әлеуметтік жұмыс орындарына, 992 адам – жастар практикасына және 13 452 адам – қоғамдық жұмыстарға жіберілген. Тұрақты жұмыс орындарына 15 015 адам жұмысқа орналастырылды.

Бизнес-идеяларды іске асыруға 200 АЕК-ке дейінгі мөлшерде 1 306 мемлекеттік грант және 43 микрокредит бөлінді. Қысқа мерзімді курстарға 876 адам жіберілді, олар оқуды аяқтағаннан кейін тиісті жұмыс орындарына орналастырылды. Осылайша, мамандығы бойынша қаржыгер Думан Каюпов жұмыс іздеуде қиындық көрген соң оқудан өтіп, бухгалтер болды.

"Бұндай мүмкіндік туралы маған досым айтқан болатын. Жұмыспен қамту орталығына хабарласуға болатынын, онда қайта оқуға жіберетіні туралы айтты. Мен бухгалтерия курсынан өтуді шештім. Өзімді жақсы жағынан көрсетіп, курсты үздік бітірдім. Мені жұмысқа алды, осы ұйымда әлі күнге дейін жұмыс істеймін. Өзіме мұнда ұнайды, жалақысы да жақсы",   деп өз жетістіктерімен бөлісті Думан Каюпов.

Қысқа мерзімді білім берудің үлкен артықшылығы – талап етілетін мамандарға жұмыс берушілердің өздері өтініш береді.

"Азаматтардың қай жұмысқа орналасатынын таңдауы – бұл жақсы құбылыс. Біреу мамандық бойынша жұмыс таба алады, ал біреу қайта оқып, жаңа біліктілік бойынша кепілдік берілетін жұмысқа орналаса алады. Әлеуметтік жұмыс орындары, қоғамдық жұмыстар және жастар практикасы сияқты өзге де белсенді шаралар бар", деп атап өтті Алматы қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы директорының орынбасары Нұржан Ауталиф.

Бұған дейін хабарланғандай, "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасына 379 мың адам қатысып, түрлі қолдау алды. Жұмыспен қамту орталықтарының жолдамалары бойынша бос жұмыс орындарына 130 мың адам, мемлекет субсидиялаған жұмыс орындарына 156 мың адам жұмысқа орналастырылды, 5 800 жеңілдікті кредит және 17 200 қайтарымсыз грант берілді, 34,5 мың азамат кәсіпкерлік негіздеріне қысқа мерзімді оқытудан өтуде.

Соңғы жаңалықтар

Қыран қанатында қалықтаған жыр

Руханият • Бүгін, 08:43

Құнды қазына орталығы

Руханият • Бүгін, 08:15

Инвестиция тартуға күш салуда

Оңтүстік Қазақстан • Бүгін, 08:12

Талапты қыз Тәліпова

Спорт • Бүгін, 08:10

Тарихта тұрлау болған ба?

Тарих • Бүгін, 08:08

Сербияда сайысқа түседі

Бокс • Бүгін, 08:06

Шүкіршілік

Руханият • Бүгін, 08:02

Бастамаларды қолдау алаңы

Саясат • Бүгін, 08:00

Алаш топырағындағы алтын тарих

Ең қысқа әңгіме • Бүгін, 08:00

Ахуал алаңдатып тұр

Аймақтар • Бүгін, 07:52

Ақ желеңді абзал жандар

Қоғам • Бүгін, 07:47

Жарқайыңның жомарт жандары

Аймақтар • Бүгін, 07:40

Үндістандағы ахуал нашар

Әлем • Бүгін, 07:32

Жол – мемлекеттің күретамыры

Аймақтар • Бүгін, 07:24

«Указной молда»: Ол кім?

Руханият • Кеше

Қылаң

Таным • Кеше

Ұқсас жаңалықтар