"Зайнутдинов алдағы ойында алаңға шығуға дайын болады. Оның жарақаты қатты ауыр емес. Мен оны ойынға қатысатын футболшылардың тізіміне қосамын", - деді бас бапкер клубтың баспасөз қызметіне берген сұқбатында.
Еске салайық, Зайнутдинов жарақатына байланысты Ұлттар лигасындағы Беларусь (1:2) құрамасына қарсы кездесуге қатыса алмады. Ол Литва құрамасына қарсы кездесуде жарақат алып қалған болатын.
Ал ЦСКА мен "Спартак" арасындағы кездесу 13 қыркүйек күні өтеді. Мәскеулік клуб сапына Зайнутдинов тамыз айында "Ростовтан" ауысып келді. Қазақстандық футболшы жаңа командасымен бес жылдық келісімшарт жасаған болатын.