Аймақтар • 09 Қыркүйек, 2020

Атырауда кибербуллингпен айналысқан жасөспірім ұсталды

643 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау облысының полицейлері әлеуметтік желі арқылы алаяқтық жолмен ​ақша алған жасөспірімді ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz ІІМ министрлігіне сілтеме жасап.

Атырауда кибербуллингпен айналысқан жасөспірім ұсталды

21 маусым күні Атырау облысы Исатай АПБ-на жергілікті тұрғын арызданады. Жәбірленушінің айтуынша, белгісіз біреу оны инстаграм желісіндегі "АЙБЕК КӨМЕК" парақшасы арқылы Kiwi​ әмиянына 40 мың теңге аудартып алған.

Онымен қоймай, жәбірленушінің HalykBank картасы мен сәйкестендipу нөмірін фотомен алдыртып есепшотынан 385 мың теңге ақшасын иемденіп алған.

Полиция қызметкерлері жан-жақты іздестіру жұмыстары барысында қылмысқа күдіктіні анықтады. Жақында Атырау полицейлері Түркістан облысының 2003 жылы туған тұрғынын ұстады.

Кәмелет жасына толмаған жасөспірімнің осыған ұқсас басқа да алаяқтық қылмыстарына  қатыстылығы тексерілуде. Тергеу Қылмыстық кодекстің 190-бабы бойынша жүргізілуде.