2013 жылғы 26 тамыз, Астана қаласы
«Кәсіптік даярлық деңгейін бағалау және техникалық және қызмет көрсететін еңбек кәсіптері (мамандықтары) бойынша біліктілікті беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 18 маусымдағы №281 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
бұйырамын:
1. «Кәсіптік даярлық деңгейін бағалау және техникалық және қызмет көрсететін еңбек кәсіптері (мамандықтары) бойынша біліктілікті беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 18 маусымдағы № 281 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7796 тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2012 жылғы 1 тамызда № 442-449 (27523) жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кәсіптік даярлық деңгейін бағалау және техникалық және қызмет көрсететін еңбек кәсіптері (мамандықтар) бойынша біліктілікті беру қағидаларында:
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. БК құрамы тестіленетін кәсіптердің (мамандықтардың) және Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері қатарынан КДДБ өткізуден кемінде күнтізбелік 30 күн бұрын құрылады.».
2. Техникалық және кәсіптік білім департаменті (Қ.Қ. Бөрібеков):
1) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін қамтамасыз етсін;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр М.А. Әбеновке жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Министр Б.ЖҰМАҒҰЛОВ.
Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылғы 25 қыркүйекте Нормативтік құқықтық келісімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №8739 болып енгізілді.