Экология • 09 Қыркүйек, 2020

Шығыс Қазақстанда қар жауды

1905 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шығыс Қазақстан облысының Риддер қаласына қар түсті, деп хабарлайды Egemen.kz

Шығыс Қазақстанда қар жауды

Кеше түнде Риддер қаласында ауа температурасы екі градусқа дейін төмендеп, таулы жерлерде қар жауған. Өткен жылы да Риддер тауларында 7 қыркүйекте қар түскен болатын. Синоптиктердің болжамына сәйкес таяу күндері үсік басылады.

Бұдан өзге, өңірде 11 және 12 қыркүйек күндері бір градус аяз болады деп күтіледі.