"Мектептен тысқары жерде сабақ өткізу бұрыннан бері ойда жүр еді. Алайда Качунидегі карантиндік жағдайдың асқынып кетуінен ойымыз кейінге шегеріле берді", дейді мұғалім.
Ауа райы ашық болған кезде сабақтар арнайы амфитеатрға ұқсас кеңістікте өткізілетінімен толықтырып кетті.
Бегович Рейтер тек мектеп оқушыларына ғана емес, студент жастарға да осындай ашық кеңістікте сабақ өтуді ұсынып отыр.
Босния елі басқа мемлекеттердің тәжірибесіне сүйене отырып, оқушылардың бір бөлігі мектепке келсе, қалғаны үй жағдайында білім алады. Боснияда дерттің белең алған сәтінен бастап 21 961 адам індетті жұқтырды, оның 669-ы көз жұмған.