Экономика • 09 Қыркүйек, 2020

Елімізде өнеркәсіп өндірісінің көлемі артып келеді

732 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2020 жылдың 8 айының қорытындысында өнеркәсіп өндірісінің көлемі 0,4% өсті. Республиканың 12 өңірі оң нәтиже көрсетіп отыр, деп хабарлайды Egemen.kz ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Елімізде өнеркәсіп өндірісінің көлемі артып келеді

Тау-кен өндіру секторында түсті кендерді өндіру құрамында алтын бар кенді өндіруді артуы есебінен 1,4% өсті. Темір кен өндіру көлемі 0,9% өсті. 

Өңдеу өнеркәсібінде нақты көлем индексі түсті металлургия, фармацевтика, жеңіл өнеркәсіп, машина жасау, химия және басқа да салалар есебінен 3,3% артты. 

Түсті металлургияда өндіріс көлемі тазартылған алтын өндіру көлемін 3%, бастапқы алюминийді 1%, құйма алтын 30%, түйіршіктердегі күміс 28% және басқа да көрсеткіштердің өсуіне байланысты нақты көлем индексі 2,7% ұлғайды. 

Химия өнеркәсібінде өндіріс көлемі 3,1% өсті. Бұл дезинфекциялық құралдар және минералды тыңайтқыштардың өндіру көлемінің ұлғаюына байланысты болды.

Фармацевтика өнеркәсібінде өндіріс көлемі 34,1% артты. «СК-Фармация» дистрибьюторы арқылы тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды жеткізу көлемі ұлғайтылды. 

Жеңіл өнеркәсіпте өндіріс 11% өсті. Ол тоқыма бұйымдары өндірісінің 7,2% және былғары өнімдердің 66,2% ұлғаюына байланысты болды.