Статистика көрсетіп отырғандай, республика аумағында болған өрттің 47%-ы отты абайсыз пайдалану себебінен туындаған. 2020 жылдың басынан бері осы себептен тұрғын үй секторында 2 349 өрт орын алды. Оның салдарынан 72 адам жарақат алды және 74 адам көз жұмды. Тек өткен тәулікте осы себептен 2 өрт тіркелді.
Мәселен, 8 қыркүйекте Қостанай қаласында Мирошниченко көшесі бойынша 1-қабаттағы пәтерде ауданы 35 шаршы метр өрт шықты. Үй тұрғындары улы газбен улану белгілерімен ауруханаға жатқызылды. Өрттің пайда болу себебі, газ плитасында тамақ қалдырылған.
Екінші өрт сол күні Ақмола облысының Есіл қаласында болды. Өрт сөндірушілер 1940 жылы туған үй иесін құтқарды, ол кісі улы газбен улану белгілерімен ауруханаға жатқызылды.
Өрттің алдын алу үшін тұрмыста мынадай өрт қауіпсіздік қағидаларын сақтаңыздар:
- төсекте темекі шекпеңіз, балкондар мен лоджиялардан темекі шекпеңіздер;
- плитада дайындалған тағамды бақылаусыз қалдырмаңыздар;
- сіріңкелер мен өртегіш құралдарды балалардың қолы жетпейтін жерлерде сақтаңыздар;
- үйден шыққан кезде барлық газ және электр жабдықтарының өшірілгеніне көз жеткізіңіздер.