Әлем • 07 Мамыр, 2026

АҚШ Иранға Ормұз бұғазын кезең-кезеңімен ашуды ұсынды

1 мин
оқу үшін

АҚШ Иран еліне Ормұз бұғазын біртіндеп ашып, порттарға қойылған блокаданы алып тастауды ұсынды. Бұл ұсыныстар Вашингтон Тегеранға жолдаған өзара түсіністік туралы меморандумға енгізілген, деп хабарлайды Egemen.kz.

АҚШ Иранға Ормұз бұғазын кезең-кезеңімен ашуды ұсынды

Ақпаратқа сәйкес, тараптар ядролық бағдарлама бойынша егжей-тегжейлі келіссөздерді кейінірек өткізуді жоспарлап отыр. Келіссөз жүргізушілер Ираннан екі тәулік ішінде жауап күтуде.

Бұған дейін Дональд Трамп АҚШ әкімшілігі Иран басшылығымен нәтижелі келіссөздер өткізгенін мәлімдеген еді. Оның айтуынша, жақын уақытта келісімге қол жеткізу мүмкіндігі бар.

Дональд Трамп Иранмен келісімге келу үшін әскери операцияны тоқтатты

Сонымен қатар Трамп келісім жүзеге аспаса, Иранға қарсы қарқынды әуе шабуылдары жасалуы мүмкін екенін ескертті. Ақ үй басшысы мәміле өзінің 14–15 мамырға жоспарланған Қытай сапарына дейін жасалуы ықтимал екенін айтты.

Соңғы жаңалықтар

Қосшыда дүкен өртенді

Оқиға • Бүгін, 17:31

Шаруасы шалқыған шаруашылық

Шаруашылық • Бүгін, 15:43