Қауіпті індеттен қайтыс болғандардың ең көп дерегі АҚШ-та тіркелген. Мұнда 190 815 адам көз жұмды. Екінші орында Бразилия, онда 128 539 адам қайтыс болған. Ал 73 890 науқас көз жұмған Үндістан үшінші орында.
Пандемия басталғалы әлемде 27 миллионнан астам адам коронавирус жұқтырды.
Еске сала кетейік, Қазақстанда жалпы 106 584 індет жұқтырды, 100248 науқас емделіп шықты, 1634 адам қайтыс болды.