Әлем • 10 Қыркүйек, 2020

Ең көп жүктелетін мобильді қосымшалар белгілі болды

928 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

TikTok 2020 жылдың тамыз айының қорытындысы бойынша ең көп жүктелетін мобильді қосымша болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ең көп жүктелетін мобильді қосымшалар белгілі болды

Қысқа бейне қызметі әлемдегі ең көп жүктелетін бағдарламаға айналды. Бір айда ол 63 миллионнан астам рет жүктелген. Осылайша, TikTok App Store-да мен Google Play-де жүктелетін қосымшалар арасында көш бастап тұр. 

Бір қызығы қосымшаны ең көп жүктеген мемлекет Бразилия мен Индонезия екен. Оны сарапшылар халық санының тығыздығымен де байланыстырып отыр.

тик

Apple пайдаланушыларының танымалдығы бойынша екінші орында Zoom болды, ал Android қолданушылары - Snack Video (TikTok аналогы) қосымшасын көп жүктеген. 

Facebook, Instagram және WhatsApp  желілері де қолданушылар саны жағынан алдыңғы қатарда.