Кездесу барысында Мұрат Нәлхожаұлы ауданның әлеуметтік-экономикалық даму бағытындағы көрсеткіштерімен таныстыра отырып, алдағы жоспарлар жайлы айтты.
"Қазіргі таңда кәсіпкерлік саланы дамытуға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларға қатысушылардың басым көпшілігін әйелдер құрап отырғандығы қуантады. Бұл өз кезегінде еңбекке қабілетті халықты жұмыспен қамту деңгейін және олардың өмір сүру сапасын арттыруға өз септігін тигізеді. Аудан бойынша "Алтын алқа", "Күміс алқа" наградаларымен марапатталған 1124 және 4593 көпбалалы ана бар. Олар мемлекет тарапынан тиісті көлемде әлеуметтік көмектерін уақытылы алып келеді", – деген аудан басшысы.
Өз кезегінде кездесуге қатысушылар отбасылар күні мерекесі қабылдау өткізген аудан әкіміне ризашылықтарын білдіріп, өздерінің ұсыныс-пікірлерін жеткізді.
Аудан басшысы қоғамдық өмірге белсене араласып жүрген қыз-келіншектерге алғысын айтып, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.
Қызылорда облысы