Қоғам • 10 Қыркүйек, 2020

Әскерге шақырылушылар жылына екі рет коронавирусқа тест тапсырады

137 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР ҚК БШ Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаментінің бастығы Сәкен Жүсіпов әскерге шақырылушылар екі рет коронавирусқа тест тапсыратынын айтты, деп хабарлайды  Egemen.kz.

Әскерге шақырылушылар жылына екі рет коронавирусқа тест тапсырады

"Қазақстан Қарулы Күштерінде коронавирус инфекциясының алдын алу және оның таралуына жол бермеу шаралары жүзеге асырылуда. Қорғаныс министрінің тапсырмасы бойынша әскерге шақыру және жиын пункттерінде, Қарулы Күштердің әскери бөлімдерінде санитариялық-эпидемиялық  шаралар күшейтілді, оның нәтижесінде әскери ортада коронавирустың жаппай таралуына жол берілген жоқ. Көктемгі әскерге шақырумен салыстырғанда әскерге шақырылушыларға ПТР зерттеуі екі рет жүргізілетін болады: бірінші – әскерге шақыру кезінде жиын пункттерінде, екінші жас буын әскери бөлімдерге келген кезде", деді Сәкен Жүсіпов.

Оның айтуынша, әскерге шақыру және жиын пункттерінде әскерге шақырылушылар және медициналық комиссия мүшелері медициналық бетперделермен және бактерияға қарсы құралдармен қамтамасыз етіледі. Күн сайын кемінде екі рет барлық қызметтік және қосалқы үй-жайлар дезинфекцияланады.

"Қолданылып жүрген тәжірибені ескере отырып, әскерге шақырылушыларды хабардар ету, оларды медициналық қарап тексеруден өткізу, сонымен қатар олардың жиын пункттерінде болулары кезінде қорғаныс істері жөніндегі департаменттер, басқармалар мен бөлімдер қызметкерлерінің іс-қимыл жасау алгоритмдері бір ізге қойылды. Әскерге шақырылушыларда респираторлы ауруларға тән белгілер анықталған кезде әрекет ету әдісі жеке қарастырылған. Медициналық қарап тексерудің өзі екі метр арақашықтықты сақтай отырып, жүргізілетін болады. Біздің қызметкерлерімізге осы талаптың сақталуын бақылау және дәрігерлердің қабылдауына кезек күтіп қалуды болдырмау жүктелді", деді ол.