Аймақтар • 10 Қыркүйек, 2020

Қапшағайда жөнделмеген жолды қабылдаған қызметкерлер жауапқа тартыла ма?

190 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қапшағай қаласы әкімдігінің Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің қызметкерлері жөнделмеген жолды жөнделді деп қабылдау актісіне қол қойған, деп хабарлайды Egemen.kz Хабар 24-ке сілтеме жасап.

Қапшағайда жөнделмеген жолды қабылдаған қызметкерлер жауапқа тартыла ма?

Заңсыз әрекетке барғандардың ісі әшкере болып, оларға қатысты соталды тергеу амалдары басталды. Күдіктілерге "Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020" бағдарламасы аясында Заречный ауылдық округіндегі жолға бөлінген қаражатты жымқырды деген айып тағылып отыр.

Жалпы жыл басынан бері сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігінің облыстық департаменті 157 қылмыстық құқық бұзушылықты тіркеген. Соның 122-сі сыбайлас жемқорлықпен байланысты. Соңғысы осы Қапшағайдағы жағдай болып отыр. Қызметкерлердің мемлекетке аса ірі көлемде шығын келтірілгені анықталған.

Ербол Құрманбаев, ҚР СЖҚІҚ агенттігі Алматы облысы бойынша департаментінің тергеушісі: "Олар мемлекетке 14 млн теңге аса ірі көлемде залал келтірді. Олар кінәсін мойындауына байланысты қамауға алынған жоқ, яғни қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", дейді ол.