13 Сәуір, 2010

ПОЛЬША САНСЫРАП ҚАЛДЫ

556 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Сенбі, 10 сәуір күні таңертең Ресей Феде­рациясының Смоленск облысындағы Печерск қаласының түбінде қалың тұман жағдайында қонуға бет алған Польша Президенті Лех Качиньскийдің Ту-154 ұшағы апатқа ұшырап, бортындағы 96 адам түгел қаза тапты. Лех Качиньский бастаған Польша мем­лекеті саяси элита­сы­ның бір тобы осы ұшақпен Смо­ленск облысындағы Катынь ме­ке­нінде осыдан 70 жыл бұрын, 1939 жылы Сталиннің озбыр саясаты салдарынан жазықсыз атылған поляк офицерлерінің рухына тағ­зым ету шараларына қатысу үшін келе жатқан еді. Делегация құ­рамында Польша орталық банкі­нің басшысы С.Скпишек, Сыртқы істер министрінің орынбасары А.Кремер, Әскери күштердің бас қолбасшысы Ф.Гагор, Польша сей­мінің 50 депутаты және пре­зи­денттің жұбайы Мария Качиньс­кая болған. Сонымен қатар, борт­та жазықсыз атылған  поляк офицерлерінің туыстары мен ұрпақтары да бар еді. Қазір апаттың болу себептерін анықтайтын ресейлік комиссия құрылды. Сондай-ақ Польша да өзі тарапынан арнаулы комиссия құруды қолға алды. Ресейлік ма­мандардың әзіргі мәліметтеріне қа­рағанда, апат ұшқыштың қате­лі­гінен болғанға ұқсайды. Бірақ поляк жағы оны жоққа шығарып, қателік әуе диспетчерлері тарапы­нан орын алған секілді деп отыр... Президент Л.Качиньскийдің мәйі­ті жексенбі күні Польшаға жеткізілді.