Аймақтар • 11 Қыркүйек, 2020

Маңғыстауда шомылу маусымы басталғалы 8 адам суға кетті

289 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы облыстық қоғамдық коммуникация орталығында өткен онлайн брифингте Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаментінің басшысының орынбасары Бекболат Әбдіқадыров мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz

Маңғыстауда шомылу маусымы басталғалы 8 адам суға кетті

"Өңірде Каспий теңізі болғандықтан судағы адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі ерекше маңызға ие. Аймақта суға шомылу маусымы басталғаннан бері демалушылардың саны артып, жазатайым оқиғалардың көптігі, теңізде адамдардың қаза болуы байқалады. Жазатайым оқиғалардың басым көпшілігі судағы қауіпсіздік ережелерін бұзуынан туындап отыр", деді ол.

Суда қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесі бойынша Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссияның 6 отырысы өткізілді. Оның ішінде 1 облыстық, 5 қалалық және аудандық. Шомылу маусымы кезеңінде адамдардың қаза болуы мен жарақаттануына жол бермеу мақсатында 6 учаскеде шомылуға тыйым салынған су айдындарының учаскелерін шектейтін нормативтік құжаттар қабылданды.

"Шомылу маусымы басталғаннан бастап жедел-құтқару жасағының күштері қызмет өткерудің күшейтілген түріне ауыстырылды. Суға түсу үшін қауіпті учаскелерде кезекшілікті жүзеге асыратын мобильді бекеттер ұйымдастырылды. Сондай-ақ, күн сайын ЖҚЖ күшімен су маңында көпшілік демалатын орындарға патрульдеу және рейдтер жүргізіледі. Суға шомылу маусымының өткен кезеңінде судағы қауіпсіздік шаралары туралы барлығы 24 мыңнан астам үгіт-насихат өнімдері таратылды", деді МО Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Бекболат Әбдіқадыров.

Жергілікті полиция қызметімен бірге 407 рейд жүргізілді. Рейд барысында 273 мың теңгеден астам айыппұл салынып, 31 азаматты әкімшілік жауапкершілікке тартты.