Аймақтар • 11 Қыркүйек, 2020

Тараз тұрғыны өз бақшасында марихуана өсірген

488 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

1 қыркүйекте “Қарасора-2020” республикалық жедел-алдын алу іс-шарасын өткізу барысында Жамбыл облысының Полиция департаменті Есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Тараз қаласының 60 жастағы тұрғынын ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Тараз тұрғыны өз бақшасында марихуана өсірген

Тұрғынның жеке меншік үйінің бақшасынан жалпы салмағы 60 келі марихуана есірткі заты табылып, тәркіленді. Ұсталған азамат кінәсін мойындады. Қазір ҚР ҚК-нің 300-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Жамбыл облысының Полиция департаменті тұрғындарға тыйым салынған қарасора, көкнәр немесе құрамында есірткі заттары бар басқа да өсімдіктерді өсіргені үшін үш жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылатынын ескертеді.