Туризм • 11 Қыркүйек, 2020

Алматыда бірқатар туризм нысанының құрылысы аяқталуға жақын

247 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Жыл соңына дейін Алматы облысында 4,2 миллиард теңге сомасында 27 туризм нысанының құрылысын аяқтау жоспарлануда, деп хабарлайды Egemen.kz Алматы облысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматыда бірқатар туризм нысанының құрылысы аяқталуға жақын

Жалпы құны 1 081 миллион теңге сомасына жеке инвестицияларды тарту арқылы 14 туристік инфрақұрылым нысандары пайдалануға берілді. Облыстық туризм басқармасының мәліметтеріне сүйенсек, 2020 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша облыста туристерді қабылдауға арналған 795 нысан жұмыс істейді. Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда биылғы өсім 4% жеткен.

Биыл облыста 4,2 миллиард теңгеге 27 туристік нысанның құрылысын аяқтау жоспарлануда. Жеке инвестицияларды тарта отырып, 1 081 миллион теңге сомасына туризм инфрақұрылымының 14 нысаны пайдалануға берілді. Ол Жамбыл ауданындағы 1 нысан, Алакөлдің жағалауында туристерді қабылдауға арналған 13 нысан. Аталған нысандардан түскен жеке инвестициялар сомасы 1061 миллион теңге. Орналастыру орындарымен қызмет көрсетілген келушілер саны 421,9 мың адамды құрады. Бұл немесе өткен жылмен салыстырғанда 54%-ға көп. Ақылы туристік-сауықтыру қызметтері 3621 миллион теңге сомасында көрсетілген. Өткен жылмен салыстырғанда 63%-ға артқан.

Сонымен қатар, Талғар тау кластері аумағында "Апорт" және "Ақ бұлақ" таулы курорттарын, "Еңбекшіқазақта "Түрген" және Райымбек аудандарында "Парк каньоны" ойын-сауық кешендерін салу бойынша ұзақ мерзімді ірі инвестициялық жобаларды іске асыру жұмысы жүргізілуде. Жалпы сомасы 542,7 миллиард теңге жеке инвестиция тарту көзделген. Сонымен бірге, Алакөл көлінің жағасында құны 4 миллиард теңгені құрайтын Alakol Apartments жазғы амфитеатры бар коттедж қалашығының жобасын іске асыру жоспарлануда.

Қазір пандемия жағдайында барлық аймақтық туристік нысандар жүктеменің 80%-ын сақтайтынын және барлық қажетті санитарлық-эпидемиялық стандарттар мен талаптарды қатаң қадағалайтынын атап өткеніміз жөн.