Қоғам • 11 Қыркүйек, 2020

Бақытжан Сағынтаев Түрксіб ауданындағы абаттандыру жұмыстарымен танысты

352 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев Түрксіб ауданының қоғамдық кеңістігінің абаттандыру жұмыстарымен танысты. Бұл туралы әкім өзінің Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бақытжан Сағынтаев Түрксіб ауданындағы абаттандыру жұмыстарымен танысты

"Түрксіб ауданының қоғамдық кеңістігінің абаттандыру жұмыстарымен таныстым. Есеп беру кездесулері кезінде тұрғындардың өздері ұсынған учаскелерге ерекше көңіл бөлінді. Мысалы Жас Канат ықшам ауданындағы қараусыз қалған жердің орнына саябақ, ал Соболев көшесінде спорт алаңы пайда болды. Жаңартылған "Буденый" алаңымен бірге бұл жерлер ересектер мен балалардың сүйікті мекеніне айналды. Мұнда уақытты тиімді өткізуге барлық жағдай жасалған.

Аулалар ретке келтірілуде. Ахметов көшесіндегі үй тұрғындарының айтуынша, олар үй маңындағы аумақтың жөнделуін 30 жыл күткен. Заманауи ойын, воркаут және демалыс аймақтары тұрғындар үшін таптырмас орын болды. Олар бірлесе аумақты көгалдандырды. Енді МИБ құру мәселесін қолға алып, өз аулаларында тәртіп орнатпақшы. Бұл — құптарлық әрекет. Тұрғындар тұрғын үй шаруашылығын ұстау мәселелерін өз бетінше шешуге құқылы және шеше де алады", деп жазды қала әкімі.