Қазақстан • 11 Қыркүйек, 2020

Қазақстанда кейінгі айда ең көп сатылған автокөлік маркалары белгілі болды

2573 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық автобизнес қауымдастығының мәліметінше, тамыз айында елдегі автодилерлер 8 639 жеңіл автокөлік пен жеңіл коммерциялық техника сатқан. Бұл өткен аймен салыстырғанда 33 пайызға артқандығын білдіреді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанда кейінгі айда ең көп сатылған автокөлік маркалары белгілі болды

"Тамыз сатылымның тарихи маусымдық өсімін көрсетті. Биылғы жылы да сауды қызып тұр. Сонымен қатар, бұл 9 мыңнан астам автокөлік сатылған биылғы жылдың екінші айы. Мұндай жоғары нәтиже бір жағынан, алдыңғы айларда карантиндік режим болып, сұраныстың тамызға қалдырылуына да байланысты. Автокөлікке деген сұраныс айдан-айға артып келеді. Бұл Қазақстан нарығы әлі де қанықпағанын растайды", дейді қауымдастықтың вице-президенті Анар Мақашева.

Бұл айда ең көп сатылған автомобиль маркаларының көшін Hyundai бастап тұр. Екінші позиция Lada маркасына тиесілі. Ал наурыз айында нарыққа қайта оралған Chevrolet те сатылымның көптігімен үшінші орынды алды. Көпшілікке ұнайтын Toyota тізімде сатылым бойынша төртінші орынды толықтырған.