Курс бойынша сабақтар Сержанттар құрамымен жұмыс басқармасы мен Әскери полиция бас басқармасы мамандарының басшылығымен, сонымен қатар, Қорғаныс министрлігі Кадет Корпусының нұсқаушыларымен бірлесіп өтті.
Бір апта ішінде әскери қызметшілер тәуекелдерді басқару, қару-жарақ пен оқ-дәрілер, әскери техникамен жұмыс кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету, өртке қарсы қауіпсіздік шаралары, алғашқы медициналық көмек көрсету, жол-көлік оқиғаларының алдын алу, қаржылық сауаттылық және өзге де тақырыптар бойынша білім алды.
Нұсқаушылардың айтуынша білім алушылар сабақ тақырыбына үлкен қызығушылық танытты. Ал, курстың өзі оқытудың пікірталас тәсілі бойынша өтті.
"Жеке құрамның өмірі мен денсаулығын сақтау» – сарбаздарға жақын командирлер ретінде сержанттардың негізгі міндеті болып табылады. Өздеріңіз білетіндей, Қарулы Күштер құрылымында 2019 жылы қауіпсіздікке жауапты штаттық және штаттан тыс лауазымдар пайда болды. Бүгін әскери қызметшілерді осы тақырып бойынша оқыта отырып, тәжірибе мен білімді бере алдық деп үміттенеміз", – деді Қарулы Күштердің Бас сержанты шебер-сержант Темірбек Халықов.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Қарулы Күштерінде 2020 оқу жылы "Әскери қызметтің қауіпсіздік жылы" болып жарияланды. Өткен жылы әскери полиция органдарының құрылымында арнайы бөлімше құрылған болатын. Ондағы мамандар әскери бөлімдер мен мекемелердің қауіпсіздік талаптарының сақталуын бақылайды.